Бүгін – Халықаралық дәрігерлер күні

Айтулы дата әлімнің бірнеше елінде қазан айының алғашқы дүйсенбі күні аталып өтеді.

Бүгінде елімізде 277 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 79 мыңдайы – дәрігер. Ал 198 мыңы – орта медицина қызметкері. Олар былтыр аймақтардағы ауруханаларда ем алған 3 млн азаматқа көмек көрсетті. Ал жедел медициналық жәрдем қызметі 8 млн-ға жуық қоңырауды қабылдаған.