Неврологтар біліктілігін арттырып жатыр

Елдегі невролог дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық берілді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында, оларға литвалық мамандар дәріс оқып, шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Диагностикалаудан бастап, емдеу және оңалту кезеңдеріне дейінгі аралықты қамтитын озық тәжірибесімен бөлісуде. Әлемде кейінгі кездері инсультке шалдыққандар қатары көбейіп барады. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 12 миллионнан астам адамның, ми-қан айналымы бұзылады екен. Оның 40 мыңға жуығы қазақстандықтар. Қазір елде 81 инсульт орталығы жұмыс істеп тұр. Ондағы дәрігерлердің озық технологияны меңгеруі үшін, осындай тренингтердің маңызы зор, дейді мамандар.

Ержан Әділбеков, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасының орынбасары:

- Инсульт алған адамда "терапевтикалық терезе" бар. Ол төрт жарым сағат. Сол аралықта оны зерттеп, диагнозды қойып, дәріні жіберсе, ол дәрі сол тромбты ерітіп жібереді. Ерітіп жіберсе, инвалидность аз болады. Сол өте маңызды. Бізге қазір Еуропадан эксперт дәрігерлер келіп тұр, 3 профессор. Олар бізге best-практик дейді ғой. Сонымен келіп, бізге қосымша тренингтер өткізіп жатыр.