Түркістанда әлемнің білікті кардиохирургтары бас қосты

Түркістан қалалық балалар ауруханасының кардиохирургтары жылына 200 сәбидің жүрегіне операция жасайды, деп хабарлайды 24kz.

Оның дені 1 жасқа дейінгі жүректің, туа біткен және жүре пайда болатын түріне шалдықтан балалар мен, жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы білікті балалар кардио-хирургтары бас қосқан халықаралық конференцияда айтылды

Жандос Жұмабек, тілші:

- Балалардың жүрек ауруларын бірлесе емдеп, тәжірибе алмасуға арналған жиынға Израиль, Польша, Беларусь, Ресей, Қырғызстан секілді шет мемлекеттер мен еліміздің бірқатар білікті кардиохирургтары қатысты. Шараның алғашқы күні дәрігерлер облыстық балалар ауруханасында күрделі операция жасады.

Алтын Досанова, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- 10 күндік шақалақ нәрестеге Горбуонов Дмитрий Валерьевич келіп, операция жасады өзінің командасымен және Татьяна Разумова Иванова балалар кардиологы ата-аналармен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді, жүкті әйелдер мен балаларға ультрадыбыстық зерттеу өткізіп, біраз кеңесін берді.

Дмитрий Горбуонов, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі:

- Еліміз бойынша дүниеге келген мың сәбидің 7-8-і жүрек ақауымен туылады. Қазір өңірдегі ауруханалар жаңа медициналық құрал-жабдықтар және білікті дәрігерлермен қамтылған. Жүректің туа біткен және жүре пайда болатын түріне операцияны өздері жасай береді. Тек 4-ші деңгейлі сирек кездесетін түріне ғана біз Астанада жасаймыз.

Жиын барысында кардиохирургтар балаларда кездесетін жүрек ақауын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін талқылады. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың салдарымен емес, себебімен күрескен әлдеқайда тиімді. Ол үшін...

Алмат Байсалов, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Баланы жоспарлаған кезде 3 ай бұрын әкесі де, анасы да өзінің денсаулығын дұрыстап барып жоспарлау керек. Екіншіден, аяғы ауыр болған күннен бастап 3 айға дейінгі кезеңде күтініп, салауатты өмір салтын сақтауы керек.

Конференцияны ұйымдастырушылар бұл шара медициналық қоғамдастықты бір мақсатқа жұмылдыруға күш салады деп сенім білдірді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш