Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Республика күні қарсаңында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарына да құрмет көрсетілді.

«Мәңгі жаса, қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты шараға өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, сала ардагерлері мен медициналық жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Кеш барысында үздік дәрігерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. Атап өтерлігі, бүгінде республиканың денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында биыл алғаш рет дәрігерлерге біржолғы ынталандыру төлемі енгзіліп, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы бекітілді.

Иманәлі Байдәулет, медицина ғылымдарының докторы:

- Атақты енгізу ол жалпы медицина саласында істейтін дәрігерлер бар, орта буын медицина бикелері бар олардың еңбегін бағалау, қоғамның алдындағы беделін асыру, халыққа берілетін қызметтің сапасы, беделі артады деп ойлаймын.