ШҚО-да тұмаумен ауырғандар саны бес есе артты

Шығыс Қазақстан облысында тұмаумен ауырғандар саны былтырға қарағанда 5 есе, ал жедел респираторлық инфекциялық вирус жұқтырғандар екі есе артты.

Алтай, Қатонқарағай, Шемонаиха аудандарында көрсеткіш жоғары. Жыл басынан бері емханалар суық тиіп ауырған 200 мыңнан аса науқасты қабылдады. Соның жартысынан көбі балалар мен жасөспірімдер. Әсіресе шалғайдағы жұрттың ауырып сырқауы жиілеген.

Сәуле Слямғазина, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Денсаулық сақтау басқармасы, 75 мың доза вакцина облысқа әкелді. Бүгінгі күні 60% жоғары контингент егілді, яғни 46 627 адам тұмауға қарсы екпемен қамтылды. Тұмауға қарсы екпені салу науқаны жүргізіліп жатыр.