Шымкенттегі медицина ұйымдарына жедел жәрдем көліктері берілді
Шымкентте медициналық ұйымдарға жаңа жәдел жәрдем көліктері берілді. Төртінші санатты шақыртуларға арналған 22 автокөлік арнайы жабдықталып, емханалар мен ауруханалардың базасы толықтырылды. «Бұдан былай амбулаториялық деңгейдегі алғашқы көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік туады», – дейді мамандар. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасына оң әсер ететінін айтады. Себебі жәдел жәрдем станцияларының көліктері жыл санап тозып, 75% ескірген. Оларды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Айта кетейік, аймақ халқына 106 медициналық бригада қызмет көрсетеді.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Ендігі жылы бірінші жартыжылдықта тағы 25 көлік алсақ жедел жәрдемге, екінші жартыжылдыққа тағы да сондай аламыз. Бұл халық саны өскен сайын мұндай көліктер қажет болады. Мұны 4-ші категория дейді. Адам өміріне қауіпсіз кездерде барады. Бірақ керек.