Шымкентте мұзды суға шомылатындар көбейді
Қошқар ата өзеніне баратындар арасында ардагерлер мен жастар да бар.
Олар үшін бұл денсаулықты нығайтып, асқынған ауруды емдеу жолы.
Қошқар ата өзеніне жиналғандар қысты асыға күтеді. Күн суық болса да өзен суының температурасы +11 градустың шамасында-дейді олар.
Суға түсер алдында міндетті түрде осылай жаттығу жасап, денені әбден қыздырған жөн. Шомылуға бекінгендер мұны жақсы біледі. Сондықтан суық суға күмп бермес бұрын психологиялық тұрғыда да дайын болуың шарт, дейді тәжірибелі жүзушілер. Солардың бірі 2 жылдан бері суық суға шомылып жүрген 58 жастағы Күлән Мыңбаева.
Күлән Мыңбаева, қала тұрғыны:
- Менде бірнеше аурур болған. Осы суыққа шомылудың арқасында оның бәрін жеңіп шықтым. Қазір менде көңіл-күй оң. Бұл маған ем деп келу керек. Біз өзіміз әбден осы суға шынығып үйрендік. Осы судан қандай керемет рахат аламыз. Бір рет мұздай суға шомылып шыққанымыздың өзі 4 км жүргенмен бірдей деп айтады.
Мұзды суға шомылуды енді бастаған Абай Шалқаров бұл ісін жыл он екі ай жалғастырмақ ниетте. Әлеуметтік желіде қыста шомылу туралы біраз ақпаратқа қаныққан соң өзін де сынап көрмекке бекінген.
Абай Шалқаров, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Осы мұздай суға түсіп жүрген 62 күннің ішінде тұмау болып та ауырмаппын. Өзім соны байқап жүрмін. Күні бойы сергек болып жүресің және ашушаңдық жоқ болды. Шақырамын. Мұздай суға түсуге кеңес беремін.
Қыстыгүні суық суға түскенді қалайтындардың пікірі де сан алуан. Бірі адреналин аламын десе, енді бірі денсаулықты шыңдап, сергектікті сеземіз,- дейді. Бірақ көзсіз батырлыққа жол беруге болмайды. Алдымен дәрігер кеңесін тыңдаған артық етпейтінін айтады.
Мейізгүл Ақшал, қала тұрғыны:
- Суға түсіп шыққанымызда өте керемет денеміз қызады. Сонда ағайларымыз айтады суға түскен уақытта қысылған тамырымыз судан шыққанда кеңейіп, қандар жүргенде адам денесі қызады екен. Доқтырды да тыңдаңыздар деді. Бізді де тыңдайсыздар деді. Сосын ғана жеңесіздер деді.
Шымкентте қыс мезгілінде суық суға түсу денсаулықты күткендердің дәстүріне айнала бастады. Мұзды суға шомылғанды қалайтындар қатарымыз артып, жүзу жарыстарын өткізсек,-дейді.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нурмахан Бекмуратов