Қазақстандықтар емі жоқ ауруды 15 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Альцгеймер дертінің белгісін байқайтын жүйе біртіндеп ел емханаларына енгізіліп келеді.

Бүгінде қосымшаны 6 мыңнан аса адам пайдаланған.

Әлішер Әли, тілші:

- Елде жасына жетпей жаңғалақтық танытқан жандар көбейіп келеді. Бұл дертті ғылыми тілде Альцгеймер дейді. Ауруға душар болғандардың бойынан ұмытшақтық, шарасыздық белгілері байқалады. Бұрын бұл деменцияның белгілерін жазбаша сұрақ жауап арқылы анықтаса енді мамандардың көмегімен электронды түрде білуге болады.  

Сейітжан Сыпабеков, жоба жетекшісі:

- My Mind жобасы My Mind біздің альцгеймерді зерттейтін тестіміз. 2020 мен 2022 жылдар арасында әзірленді. Қазіргі таңда Алматы облысында, Алматы қаласында, Шымкент қаласында, Түркістан облысында қолданылады. Жеке ауруханаларда және мемлеккеттік ауруханаларда. Әрине тесттің нәтижесі 100ден 92-95%-ды құрайды.

Бұл жоба басталғалы бері 6 мыңнан аса тұрғын альцгеймер ауруын айқындайтын сұрақ жауаптан өткен. Бүгін де Астана қаласының тұрғыны Мейіржан тестен өтуге келіпті. Сұрақ жауаптан не үшін өтпексіз?

Мейіржан Ерман, қала тұрғыны:

- Бұл тест маған өте қызық болып тұр. Альцгеймер ауруын ерте бастан анықтайтын тест болғандықтан, сұрақтарға жауап беріп, ауруға бейімділік бар жоғын білгім келеді.

Тест арнайы мамандардың зертеулері нәтижесінде жасақталған. Сұрақ-жауапты құрастыруға 2 жылдай уақыт кеткен. Сынақта адамның түр сипаты, жеке қасиеттеріне қатысты сұрақтар бар.

Өзіне қатысты сұрақтарға жауап берген адам когнитивті қабілеттеріне байланысты арнайы жаттығуларды орындайды.

Мейіржан мырзамен 15 минутқа созылған сұрақ жауабымыз аяқталды. Енді нәтижесін тиісті маманнан білейік. Жалпы алаңдамауға негіз бар ма?

Асхат Манапов, IT маманы:

- Иә, Мейіржан мырза, сіз сұрақтарға жақсы жауап бердіңіз. Алайда, сізде бір қайтарымды қауіп факторы бар альцгеймердің. Ол индекс массы и тела дейтін бар. Сол бойынша сіздің диетологқа көрініп қайту кеңесі. Нәтижесін шығарып берді. Және де осы нәтижені сіз пдф нұсқада жүктеп алып, өзіңіздің дәрігеріңізге немесе өзіңізге сақтап қойсаңыз болады. 

Әлемде 50 млнға жуық адам альцгеймер ауруына шалдыққан. Ал, елде 200 мыңдай науқас тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, дертке душар болғандардың 90 пайызы 65 жастан асқандар.

Жібек Жолдасова, психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты:

- Альцгеймер ауруының ең бірінш себебі деменция. Деменция ол есте сақтау қабілетінің бұзылуы. Көбінесе 90% 65жастан басталады. 65ке дейін 10% ғана. Жаңа болған ситуациялар тез ұмытылады. Еске сақтай алмайды. Бірақ ол қарт адамда болмау керек. Қарт адамдарда тек қана ойлау қабілеті кішкене баяу болады. Ұмытшақтық болса тез ұмытып жүрсеңіз, заттарды жоғалтып жүрсеңіз дәрігерге бару керек.

Адамдар бұл аурудың белгілерін тек асқынғанда біледі. Ал ол кезде жағдайды жақсарту тым кеш болады. Дәрігерлер осылай дейді. Жаныңыз жайсыздыққа тап болмаса да бұл сынақтан өтіп көргеніңіз жөн. Ол үшін ғаламторға Mymind-test.com деп терсеңіз болды, тест тапсыруды нұсқайтын сайт шығады. Алайда қасыңызда тиісті маманның болғаны абзал.