Каспий теңізі тартылуының салдары

Каспий теңізінің тартылуы Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран елдерінің ортақ мәселесі екенін айттық.

 Бірақ оның салдары әсіресе біздің елге қатты сезілуде. Өйткені теңіздің солтүстік бөлігі, яғни 29 проценті Қазақстан үлесіне тиесілі. Каспийдің таяздануы тоқтамауынан біздегі өзен арналары тайыздап, кеме жүруі қиындады. Су бетіндегі мұздар еріп, аумағы азайып жатыр. Оның салдарынан теңіз жылынып, тіршілік иелеріне әсер етуде. Сосын әлбетте өсімдіктер мен жануарлардың жапа шегіп жатқанын желіден де жиі көріп жүрміз. Теңіз жағалауындағы кей орындарда су тартылып, енді бірін су басуы мүмкін. Бұл ондағы үйлер, жолдар, порттар зақымдануы мүмкін деген сөз. Сондай-ақ су астындағы тіршіліктердің көбейетін аумағы азайып, теңіз порттарына әсер етуде.  

Өзен арналары тайыздап, кеме жүруі қиындады

Су бетіндегі мұз көлемі азайды

Өсімдіктер мен жануарлар зардабын тартып келеді

Жағалау орындары өзгерді

Су асты тіршілік иелерінің аумағы азайды

Теңіз портына кері әсер етті.