Түркістанда темір жол бойы қоқыстан тазартылды

Түркістандық теміржолшылар шойын жол магистралінің бойын бей-берекет шашылған қоқыстан тазартып, ретке келтірді.

Мұнда күн сайын бірнеше бағытта жолаушылар пойызы жүреді. Тазалық шарасына қатысушылар екі тоннаға жуық қоқыс жинап, арнайы полигонға төкті. Олар темір жол бойындағы тазалық мәдениетіміздің, елге деген сый-құрметіміздің көрінісі деп біледі. 

Мақсат Танкеев, Түркістан локомотив пайдалану депосының бастығы:

- Біздің ұжымнан Түркістан депосынан бүгін 50-60 адам қатысып отыр. Бүгін Таза Қазақстан акциясында бәріміз бас қосып, тазалап, жинадық. Айналамызды, отырған орнымызды, Отанымызды тазалап жүрсек, барлығымыз тек таза Қазақстанда жүреміз. Әрі қарай өзіміз тазалық, сенбіліктерді ұйымдастырамыз. Сенбі күні де жалғасын табуда, депомыздың айналасына ағаш егейін деп жатырмыз.