Оңтүстіктегі су тапшылығы бір миллиард текше метрге жетуі мүмкін
Оңтүстіктегі диқандар суды көп қажет етпейтін дақылдарды өсіруге бет бұруы тиіс.
Себебі аймақтағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетеді деген болжам бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Шардара су қоймасына келетін су 43 пайызға кеміді. Ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы қор былтырғы көрсеткіштен 3,8 млрд текше метрге аз. Келесі жылы келетін су көлемі 1-1,5 млрд текше метр болады деп болжанған. Сондықтан Үкімет суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын қатаң реттеуге күш салмақ. Алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы және Су министрліктері суды пайдаланудың нақты лимиттерін анықтайды.