Ақтауда ауаның ластануы анықталды
Маңғыстау облысының экологтары Ақтау мен оның айналасында жоспардан тыс жүргізген мониторигті аяқтады.
Тексеруге тұрғындардың ауадан жағымсыз исі шығатыны туралы шағымдары себеп болған. Зерттеу 15-22 желтоқсан аралығында жүргізілді. Мамандар облыс орталығының түрлі аудандарынан, кәсіпорындардың аумағынан сынама алып, зерттеген. Алдын-ала нәтиже бойынша, ірі өндіріс ошақтарының бірінен шыққан күкіртті көміртек мөлшерден асып кеткен.
Қайсар Нәдірбек, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Бұл ластаушы зат, өткір иісті, ауаға тез таралатын, сол себепті қалаға қарай жел бағытталған кезде осы қала мен Мұнайла ауданында осы иіс шығуы апнық байқалды. Бізде осы жылға бірінші заң бұзушылық, яғни ол заң бұзушылықты яғни біз тексеру жұмыстары арқылы анықтаймыз. Бұл фактілер прокуратура органдарына жолданады. Тексеру барысында біз ол бұзушылық қалай орын алды, неден болды, соны толығырақ зерттейтін боламыз.