«Таза Қазақстан» акциясы жалғасады

Алдағы уақытта да Таза Қазақстан акциясы ерекше назарда болады.

Еліміздің бастамасымен биылғы жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Президент бұл қадам «Таза Қазақстан» идеясымен толық үндесетінін атап өтті. Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуы тиіс, деді Мемлекет басшысы.