Қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологиялар қолданылады
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында халыққа арналған Telegram-чат-бот іске қосылды.
Ал қоқысты заңсыз тастау фактілерін азайту үшін «EcoQolday» жүйесі жетілдіріліп жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта «Табиғи ресурстардың интерактивті картасы» платформасында «Ағаш кесу билетін беру» мемлекеттік қызметі онлайн түрде қолжетімді болады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды цифрлық технологиялармен толықтыру қажет. Қазірде ірі өнеркәсіп және кәсіпорындар экологияға қатысты барлық есепті онлайн түрде бір цифрлық жүйеге тапсырады. Осылайша жаңа жүйе экологиялық проблемаларды ерте анықтауға және дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жасанды интеллект арқылы үдете түсу жоспарда бар.
Лаура Сейілбек, эколог маман:
- Цифрландыру, жасыл экономиканың негізгі іргетастарының бірі ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жасыл экономика жасыл ресурстарды үнемдеу немесе шығындылардың қысқартылуына және тиімділікке негізделген. Себебі сол авариялық ситуациялар болсын солардың бәрін алдын ала болжап отырады. Бұл мақсаттағы цифрлық болжау немесе өлшеу басқару құралдарынсыз қол жеткізуге мүмкін емес.