Қонаевта қала тазалығы сын көтермейді

Қонаевта күн күрт жылынып еді, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолы шылқыған су болды. 

 Себебі коммуналдық қызмет қарды уақытында шығарып үлгірмеді. Өңірде қалың қар сирек жауады. Соның өзін дұрыстап тазартпайды- деп тұрғындар наразы. Одан бөлек біраз жерде қоқыс жиналып қалған.

Қонаевта қыс түскелі қалың қар бір-ақ рет жауды. Өткен демалыс күндері түскен қар мөлшері айлық нормадан 2 есе көп болды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкенімен, барлық көше  мен жаяу жүргіншілер жолын қардан аршып үлгермеді. Күн күрт жылынып,  көшелер көлкіген су болды. Оған қоса қоқыс та уақытылы шығарылмай, контейнерлер толып кеткен.

БЛИЦ: 1. Мына район действительно грязный 4-микрорайон. Ал біз жақта екінші микрорайон таза например. Да жолдарды жуып болмайды, особенно пешеходный вода-вода, басқа жоқ.

2.Қоқыс шығарғанда уақытымен шығарылмайды. Үйіліп, асып, төгіліп жатады. Меніңше түнде жинап кеткен дұрыс сияқты. Күндіз жұмысшылар ары-бері жүреді, оқушылар бар, лақтырып кетеді ғой көрінген жерге мусорды. Түнде жинап кетсе күндіз таза тұрады.

3.Көбінесе қазір үйдің мусорларын әкеліп тастайды. Ар жақққа апарғылары келмейді да, осы жақтың урналарына әкеліп тастайды. Сонымен мусор-мусор болып жатқан соң лас болады ғой, ластанады.

Қала тазалығына жауаптылар қар тазалауға  20-дан астам арнайы техника мен 72 адам жұмылды дейді. Бірақ олар қаланы толық қамтуға үлгірмей жатыр. Бірнеше күннен бері облыс орталығынан 400 тоннадан астам қар шығарылған.    

Дархан Батырша, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда Қонаев қаласын тазалалық жұмыстарымен 2 мердігер ұйым айналысуда. Олар Қонаев тұрғын үй ЖШС жолдарды тазалаумен айналысуда және де құм сеуіп өтеді жолдарға. Ал «Жасыл қала Қонаев» жолдардан қоқыстарды жинайды , үйлердің арасынан және де тротуарларды қардан тазалау жұмыстарымен айналысуда. Және санитарлық жұмыс жүргізіп тұр.

Дегенмен, коммуналдық мекемелердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды.  

Надежда Фронкина, қала тұрғыны: 

- Жаяу жүргіншілер жолы тайғақ екен. Жолдар мен аулаларды уақытылы күреп, сыпырып тұрса, мұндай жағдай болмас еді.

Жалпы  қаланың тазалығына кез келген адам үлес қоса алады. Мысалы, «TazaQazBot» цифрлық платформасы арқылы өтінім жіберу оп -оңай. Ластанған жерлердің фотосы немесе видеосын жолдасаңыз болды. Қалада чат іске қосылғалы небәрі 47 өтінім түскен. Тұрғындардың көбі мұндай платформаның барынан хабарсыз.  Бұл ақпараттық-насихаттың жетіспей жатқанын көрсетсе керек.

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов