Түлкібастағы орталық саябаққа бір мың түп емен ағашы отырғызылды

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы орталық саябаққа ауылдықтар 1000 түп емен көшетін екті.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына этномәдени бірлестік өкілдері, коммуналдық сала жұмысшылары мен еріктілер қатысты. Тіпті ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері де атсалысты. Жалпы биыл ұлттық жоба аясында аудан аумағында  62 мың дана ағаш егу  жоспарланып отыр. Оның  жиырма мыңға жуығы  көктем айларында егіледі.  Былтыр 76 мыңнан астам ағаш егіліп, арнайы суару  жүйесімен қамтылған еді.

Жұрат Аманов, аудандық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

- Барша ұлт, этнос өкілдері ақсақалдармен бірге келіп, саябақта ағаш ектік. Осы ағаштарымыз көгеріп, жас әулетімізге пайдасы тиеді деген ниетпен осы жерге қызмет еттік. Баршаңызға көктемнен көктемге жете берейік, жақсы, ізгі ниет тілеп, қасиетті рамазан айы баршаңызға құтты болсын.