Жаңару күні: Атырау облысында бес мың көшет егілді
Бүгін Атырау облысында «Жаңару күніне» орай 5 мың көшет егілді.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қолға алынған көгалдандыру жұмысына, қаланың өзінде 200-ге жуық адам қатысып, «Жастар» саябағында 200 қылқан-жапырақты ағаш екті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға және демалыс аймақтарын көркейтуге бағытталған. Көгалдандыру, алдағы уақытта да жалғасады. Биыл Атырау облысында 29 мың тал егіледі.
Эльмира Сыдықова, облыстық табиғи ресурстар және ТПР басқармасының бөлім басшысы:
- 29 мың дана ағаш отырғызу жоспарланды. Жалпы маусымдық кезең бізде сәуір айында басталады. Бүгін тек “Жаңару күніне” бастапқы шараларымыз бүгін жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 200-ге тарта адам қатынасты. Жастар, еріктілер, тұрғындар және мемлекеттік орган, мекемелер.