Түркістанда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық іс-шара өтті
Түркістанда «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында ауқымды экологиялық іс-шара өтті.
Баянауыл өңірінен арнайы жеткізілген қарағай шыбықтары шаһардағы қаржылық мониторинг агенттігінің саябағына егілді. Сонымен қатар Сауран ауданы аумағында бұлақтардың көзі аршылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысының жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында тұрғындар Сауран ауданы аумағында "Мөлдір бұлақ" акциясын өткізді. Су көздерін қоқыстан тазартып, айналасын абаттандырды. Ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Нариман Мархабаев, ерікті:
- Бүгін жастардың, еріктілердің қатысуымен "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясы аясында осындай керемет жерде тазалық тазалық шарасы, көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылды. 2026 жылы сол жұмыстарға жастардың белсенді түрде қатысуына ықпал етеміз.
Одан кейін табиғат жанашырлары Түркістандағы "Заң мен тәртіп" саябағына жиналды. Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Павлодардан 50 түп қарағай көшеті жеткізілгенін атап өтті. Меймандар жас көшеттерді көпшілікпен бірге саябақ төріне екті.
Алтынбек Нұхұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Еліміздің жаңғыру, жаңару сатысында, яғни рухани астанамыз Түркістанға қасиетті Баянауыл елінен тарту жасалынып жатқандығы бүгінгі ұрпақ қана емес, келесі жасампаз жастарға үлгі-өнеге болсын. Осы елдің күн сайынғы өзгерісі осындай шыршалармен мәңгілік жасай берсін дегім келеді.
Тазалық шарасына депутаттар, әкімдік қызметкерлері, облыстық жастар ресурстық орталығының мүшелері мен ерікті жастар атсалысты. "Басты мақсат - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және туған жердің тазалығын сақтау", дейді ұйымдастырушылар.
Ерболат Балғабаев, экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы:
- Бұлақтардың көздерін ашып, өзендердің, жылғаларды тазаладық. Бұл өткізіп жатқан іс-шара бүгін ғана істелетін жұмыс емес, осы іс-шараны біз жылдың соңына дейін жалғастыра беретін боламыз.
Жандос Жұмабек, тілші:
- Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 1 млн-нан астам көшет егіледі. Оның үш жүз мыңы көктемде, қалған жеті жүз мыңы күзде отырғызылады деп күтілуде. Сонымен қатар "Мөлдір бұлақ" акциясы аясында 1500-ден астам бұлақ көзі ашылып, айналасы абаттандырылады деп жоспарлануда.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш