RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит басталды. Live
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия үшін жаңа ынтымақтастық кезеңін айқындауы мүмкін.
Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері экологияның өзекті мәселелерін талқылап, нақты шешімдерге басымдық беруде. Саммитті ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экологиялық жауапкершілікке ерекше мән беретінін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл саммит - өңірлік күн тәртібін қалыптастыратын маңызды алаң.
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азияда ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Мемлекет басшылары, БҰҰ өкілдері, халықаралық ұйымдар - барлығы бүгін Астанада экологияның өзекті мәселелерін талқылау үшін бас қосты. Мұндай құрам бұл жай ғана пікір алмасу емес, алдағы жылдарға өңірлік күн тәртібіне ықпал ете алатын нақты шешімдер қабылдайтын алаңға айналуы мүмкін.
Саммит Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың сөзінен басталды.
«Геосаясат табиғатсыз жұмыс істей алмайды», - деді Мемлекет басшысы.
«Қазақстан экологиялық жауапкершілікке үлкен мән береді. Бұл жаңа конституцияда да айқын көрсетілген. Еліміз таза энергетикаға бағытталған саясатты жүргізуде», - деді Мемлекет басшысы.
Каспий теңізін қорғау маңыздылығын айтып өтті. Ал Халықаралық сарапшылар Қазақстанның өңірлік экологиялық саммит өткізу бастамасын жоғары бағалап отыр. Олардың айтуынша, саммиттің басты құндылығы - маңызды мәселелер талқылаулардан нақты бірлескен іс-қимылдар мен келісімдерге ұласуында.
Рольф Пайе, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы:
- Мемлекет басшыларының осы өңірдегі үдерістерге белсенді қатысып жатқаны қуантады - бұл климаттың өзгеруі мәселелеріне ең жоғары саяси деңгейде назар аударылып отырғанын білдіреді. Сонымен қатар, климаттық күн тәртібі көпқырлы екенін және түрлі салаларды қамтитынын түсіну маңызды. Алаңда БҰҰ-ның түрлі ұйымдары ұсынылған, соның ішінде менің ұйымым да бар - ол химиялық заттар мен қалдықтарды реттеу және тиімді басқарумен айналысады. Бір қарағанда, бұл тақырып климатқа қатысы жоқ сияқты көрінуі мүмкін, алайда байланыс тікелей: парниктік газдар шығарындыларының шамамен 20%-ы біз күн сайын өндіретін қалдықтарды тиімсіз басқарудан туындайды. Бұл өңір елдерімен бірлесіп әрекет ету арқылы жағдайға нақты ықпал ету мүмкіндігіміз бар екенін білдіреді.
Айта кетейік, форум аясында жасыл технологиялардың халықаралық көрмесі де өтіп жатыр. Көрмеге әлемнің 30 елінен қатысушыларды келді, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері, Әзербайжан және көптеген халықаралық серіктестер бар. Сарапшылардың айтуынша, Астана тағы да өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды алаңы екенін дәлелдеп отыр.
Өңірлік экологиялық саммит бірнеше күнге созылады. Бағдарламада кең ауқымды тақырыптар қамтылған. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, экологиялық мәселелердің шекарасы жоқ: құрғақшылық, климаттың өзгеруі, өзендер мен экожүйелердің жай-күйі өңірдегі барлық елдерге әсер етеді. Сондықтан оларды тек бірлесіп шешуге болады. Бұл әсіресе Орталық Азия үшін маңызды - су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісілген жүйелі шешімдер қажет.