Кейбір қалаларда ауа сапасы күрт нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Еліміздің солтүстігі мен шығысындағы кейбір қалаларда ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды 24 KZ.
28 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар түнде Астана, Көкшетау, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.