«Теңізшевройл» компаниясына 53,7 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысы бойынша экология департаменті келіп түскен құжаттар негізінде «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру деректері орын алғандығын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Осыған орай, Департаментпен «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолданды.
Істерді қарау қорытындысымен соттың 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС кінәлі деп танылып, 53, 7 млн. теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.