Жасанды жаңбыр өрттің алдын алады

Түнерген бұлттан су сауу үдерісі жаһандық жылу қауіпке айналған қазіргідей кезде мол мүмкіндік. Мұның тағы бір пайдасы - өрттің алдын алуға, отты сөндіруге де сеп.

Яғни ұшақтың көмегімен бұлтты үйіріп,. қажетті жерге жаңбыр жауғызуға болады. Бұл  жауын-шашын мөлшерін әдеттегіден 20 пайызға дейін ұлғайтады дейді мамандар. Технология екі ай сынақтан өтеді. Егер тиімділігін көрсетіп жатса, елдің басқа да өңірлерінде қолданылады.

Айзат Елтай, «Қазгидромет» РМК ҒЗО Каспий теңізінің Гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының басшысы:

- Өрттің алдын алу, мысалға, біз білеміз, иә, жазда күн ыстық, жапырақтар қурайды, содан өрт пайда болады. Егер сол жерлерде бұлттылық болса, «засев» жасап, алдын ала орманды, жапырақтарды сулатып, ылғалдандырсақ алдын алады дегендей. Бұл тәжірибе бар. Реагент енгізгеннен кейін нәтижесінде 20 минутта жаңбыр болуы керек. Ол реагенттердің ішіндегі ең басты қолданылатын заттар - натрий хлор, калий хлор, тұздар. Ауада бар химиялық элементтер. Сондықтан ол реагенттің көлемі де көп емес.