Елімізде 2,7 млн га жер деградацияға ұшыраған
Елімізде 2 жарым миллион гектардан астам жер деградацияға ұшыраған.
Бұған климаттық өзгеріс пен адами фактор себеп. Бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына, экономиканың әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сенат депутаттары бүгін “Топырақты қорғау туралы” Заңды мақұлдады. Жер құнарын сақтауда бақылау әлсіз, жүйелі қадағалау тетіктері жоқтың қасы дейді сенаторлар. Сондықтан жаңа Заңда жер пайдаланушыларға қойылар талаптарды күшейтіп, агрохимиялық зерттеуді енгізу және ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануда заманауи технологияларды қолдану қажеттігі ұсынылды.