«Алтын Емел» ұлттық паркінде қорықшылар өрт қауіпсіздігін пысықтады
Жетісу облысында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупінің бесінші деңгейі жарияланды.
«Алтын Емел» ұлттық паркінің қызметкерлері қауіпсіздікті күшейтіп, оқу-жаттығу өткізді. Мамандардың іс-әрекетін пысықтайтын жиын тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- «Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағында 27 мың гектарға жуық орманды алқап бар. Соның басым бөлігі осы Іле өзенінің бойында орналасқан. Жасыл желекті көмкерілген аумақтты өрттен қорғау үшін парк қызметкерлері сақтық шараларын күшейткен.
Қаулай өскен қалың қамыс жабайы жануарлардың аптап ыстықта көлеңкелейтін, аң-құстан қорғанатын мекені. Сол себепті қорықшылар кезекті оқу жаттығуын өзен жағасында өткізіп, қайықпен және арнайы көлікпен өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін пысықтады.
Андрей Кормильцевтің мемлекетік инспектор болып еңбек еткеніне үш жылдан асты. Аптасына үш рет өзен бойын шолып, Іленің арғы бетіндегі туристердің бергі жағалауға өтіп кетпеуін қадағалайды.
Андрей Кормильцев, "Алтын Емел" МҰТП мемлекеттік инспекторы:
- Туған жер осы жерде. Сол аңды қараймыз. Балықты қараймыз, орманды қараймыз. Мына жерде арал ортасында көлдер бар. Ол біздің территорияға кіреді. Соларға барасың. Қарайсың. Олар қонатын болса от жағады. Предупреждать етесің.
Ұлттық паркте 2014 жылы арнайы өрт сөндіру станциясы ашылды. Қажетті мамандар жұмысқа алынып, көлік және өзге де құралдармен толық жабдықталды. Ұжым қызметкерлерінің біліктілігі былтыр шаруашылық аумағынан шыққан қызыл жалынды сөдіру кезінде анық көрінді.
Мұрат Құрбанқұлов, "Алтын Емел" МҰТП өрт сөндіру станциясының басшысы:
- Қазіргі уақытта 24 сағат бақылауда. Барлығына дайын. Мұнай барлығы жеткілікті. Көктем басталғалы бері 40 тай оқу жаттығу өткіздік. Өйткені біз ойда да қырда да дайын болуымыз керек. Және біз ауданаралық оқу жаттығу өткіздік. Ол жерде жақсы нәтиже көрдік. Соның арқасында еш қиындық көріп жатқанымыз жоқ.
Оқу жаттығудан бөлек қорықшылар орман алқапты айналдыра жер жыртып, су алатын 15 орын әзірледі. Мұндай жұмыстар құстардың 200-ден, ал сүтқоректілердің 70 шақты түрі мекендейтін, табиғи ескерткіштерге толы аймақты сол қалпында сақтауға мүмкіндік береді.
Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдрешов