Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
Атырауда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясында «Lotus clean day» экологиялық акциясы өтті.
Шараның мақсаты – экологиялық тазалық жұмыстарымен қатар, Атырау өңірінің табиғи байлығы мен ерекше флорасын жастарға көрсету. Экологиялық бағытта білім алып жатқан 25 студент Тасқала ауылдық округі аумағындағы «лотос гүлі» алқабын тамашалап, аумағын тазалады. Биыл өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 21 мыңға жуық жасты қамтыған 170 іс-шара өтті.
Фариза Сембайқызы, «Атырау жастары» қоғамдық ұйымының өкілі:
- Біздер, «Атырау жастары» және Атырау қаласының колледж студенттері болып, осы күнге дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше шараларда өзімізді көрсетіп келеміз. Бүгін біз Тасқала ауылындағы лотос гүліне экскурсия жасап келдік. Оның мақсаты – студенттерге осы өңірдегі жаңадан шығып келе жатқан лотосты таныстыру, және де осы аумақтағы түрлі қоқыстарды тазалап, туған табиғатты аялауға үйрету.