Атырау облысының Мақат ауданында тазалықты дрон бақылайды
Атырау облысының Мақат ауданында тазалықты дрондар бақылайды.
Мақат және Доссор кентіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттары заңсыз қоқыс орындарын анықтап, заң бұзушылықтарды бейнежазбаға түсіреді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынған жобаның үш айдағы нәтижесі көңіл көншітерлік. Бүгінге дейін 262 заң бұзушылық тіркелген. Оның 195-і бойынша ескерту беріліп, кемшіліктер толық жойылды. Ал 65 дерекке қатысты айыппұл салынып, 3 миллион теңге өндірілген. Дрондар қоғамдық тәртіпті қадалауға да мүмкіндік береді.
Нұрлан Мауытқали, Мақат ауданы әкімдігінің ресми өкілі:
- Ауданның ішіндегі қоғамдық қауіпсіздікті және өрт қауіпсіздігін қосымша қарап отырамыз. Жергілікті атқарушы органның өкілі, АІІБ өкілі және ТЖ өкілі бір мезетте пилоттан сілтеме келуі арқылы осы дронның түсіріліп жатқанын тікелей эфирден көріп отырады. Қандай да бір құқықбұзушылық болған жағдайда әр мекеме өзінің бағыты бойынша тиісті жұмыстарды атқарады.