Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі

фото: ЖИ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–8 градус аяз күтіледі.

Ауа температурасы:

Батыста: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.

Солтүстікте: түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.

Орталықта: түнде ауа температурасының негізгі фоны −2…−10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Шығыста: түнде ауа температурасының негізгі фоны −5…−10°С, облыстың таулы аудандарында −13…−18°С болады. Күндіз −5…+5°С аралығында күтіледі.

Оңтүстікте: күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.

Оңтүстік-шығыста: күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда −1…−6°С күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: