Әлемдік мұнай бағасы өсім көрсетті

Әлемдік мұнай бағасы кейінгі айдағы құлдырауынан кейін қайта өсім көрсетті, деп хабарлайды 24KZ.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 103 долларға дейін қымбаттаса, америкалық WTI баррелі 96 долларға саудаланды. Нарықта қара алтын құнының бұлай құбылуына Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуі себеп. Қатардың арағайындық күш-жігеріне қарамастан, Вашингтон мен Тегеран арасы әзір ушығып тұр. Кейінгі бір аптада АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры бірден 5 миллион баррельге қысқарған.

Сондай-ақ оқыңыз: