Үй ауласында неге қоқыс жәшігі жоқ?

Қоқыс демекші аулаларға қоқыс жәшіктерін орналастыру тәртібі өзгерді.

Бұрын әр үй, әр орындықтың жанында тұратын жәшіктер енді қойылмайды. Тұрғындар немесе көлденең жолаушы қоқысты өздерімен алып кетіп, арнайы орындарға тастауы тиіс.  

БЛИЦ:

- Іздеп қаламыз, мысалы, мына жерде бір қағазды тастайын десең қайда тастарыңды білмейсің. 

- Балаларды қыдырдатын жерлерде, чупа-чупс жейді, балмұздақ жейді, сол кезде кішкене қысылып коляскаға салып аламыз. Сосын үйге апарып урнаға өзіміз саламыз. Даланы шашпаймыз. Бала ойнайтын жерде кішкене аздау. 

- Мен мына бесінші подъезде тұрамын. Далаға шығамыз қолымызда қоқыс болады. Соны жүреміз қайда саларымызды білмей. Қоқыс жәшік жоқ. Балалар ойнап жүріп, шашып кетеді. Қайда тастарын білмейді. Паркинг жаққа кім апарады оны. Сол үшін қоқыс салатын қою керек. 

- Жалпы аулаларда, саябақтарда қоқыс жәшіктерінің болуына қарсымын. Өйткені Жапонияда, мәселен, қоқысты мүлдем таба алмайсыз. Адамдар өздерімен бірге жинап жүреді. Бәлкім біз де қоқысымызды алып жүрсек, сонда шашылмайтын болар. Өйткені саябақтарда жүргенде жиі байқаймын. Адамдар, мына жерде қоқыс жоқ екен дейді де жерге тастай салады. Оның бәрі мәдениет қой. Ол жалпы қоқыс жәшігінің болу, болмауына да байланысты емес шығар. 

Бүгінде тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде аула көрінісі мен азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беріледі. Ал қоқыс жәшіктері тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді, дейді мамандар. 

Әділбек Сейілхан, BI Group компаниясының product менеджері:

- Негізгі мақсатымыз - ол аулада қоқысты азайту. Қоқыс жәшігі көп болған сайын қоқыс көп болады. Адамдар өз қоқысын әр жерге тастап кететін болады. Біздер әлемдік шолу жасаймыз. 1995 жылдан бері Жапонияда сондай тәжірибе бар. Олар қоғамдық жерлердегі бүкіл қоқыс жәшіктерін алып тастады. Сол себепті адамдар өзімен бірге қоқысын алып кетеді. Қалалар таза болады сол себептен.

Сондай-ақ оқыңыз: