Жерасты суларына барлау жасалады

24.kz

2024-2026 жылдары ел бойынша 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау және 15 су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Суару жүйелерінің тозуы мәселелерін шешу үшін ұзындығы 3500 км құрайтын 339 канал күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы Primeminister.kz редакциясының шолуында айтылады. Жаңадан құрылған Ұлттық гидро-геологиялық қызмет, жерасты суларына мониторинг және талдау жасайды. Бүгінде Қазақстанда 4 540 кен орны барланған. Бұдан бөлек Су кодексінің жобасы әзірленді. Құжатта гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі, суару және дренаж, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері қамтылған. Ал Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемін 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрші мемлекеттермен су қауіпсіздігі бойынша келіссөздер белсенді жүргізілді. Мәселен2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Сырдария өзеніне 11,1 текше км су келеді, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 487 млн текше метр су алынады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі.