Су тасқыны. Талдыкөл тұрғындары көшіріліп жатыр
Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын құтқарушылар қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.
Бұл жұмыстарға жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды. Эвакуациялық пунктер Атырау қаласындағы колледжде және жергілікті қонақүйлердің бірінде дайындалды.
Облыстағы қазіргі ахуалды бізбен тікелей байланысқа қосылған Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айсұлу Келдіғалиева баяндайды.
- Талдыкөл тұрғындарын қауіпсіз аумаққа көшіру толық аяқталды ма?
- Эвакуацияланған адам саны қанша? Олар жатын орынмен, азық-түлікпен толық қамтылған ба? Қанша уақытша орналастыру пункттері әзірленді?
- Жайық өзенінің деңгейі әлі көтеріліп жатыр деген ақпарат бар. Қазіргі су деңгейі қалай? Қанша елді мекенге қауіп бар?
- Индербор кентінде Жайыққа салынған бөгет іргесінде су құбырынан су кеткен еді. Қазіргі ахуал қалай?
- Кеше Индербор кентінің бір бөлігі жарықсыз қалған еді. Елді мекен қуат көзіне қосылды ма?
Айсұлу Келдіғалиева, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы