Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр

Бүгін Жарқайың ауданында өткен экологиялық шараға үш мың тұрғын қатысты.

Олар елді-мекендерге жақын жердегі Есіл өзенінің жағасын, Тасты-Талды және Бірсуат ауылындағы бөгеттерді қоқыстан тазартты. Игі істің мақсаты азаматтардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатты аялауға үйрету. Жалпы акция басталғалы өңірде 300-ге жуық шара өтті. Оған 450 мыңға жуық азамат қатысқан. Акция кезінде 500-ден астам елді мекен қамтылды. 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, мыңнан астам сумен қамту нысаны абаттандырылды. 

Саят Кемпіров, волонтер:

- Мен Жарқайың ауданының волонтерімін. Бүгін біз экологиялық акция өткізіп жатырмыз. Бәріміз бірігіп мына жағажайды тазаладық. Мемлекет басшысы Отанымызды таза ұстау керегін айтқан болатын. Біз бұны толық қолдаймыз. Мемлекетіміздің көркеюіне бәріміз үлес қосайық.