Су сапасы жақсарды

Шымкенттегі кәріз суын тазартатын кешеннен шыққан техникалық суда балық өсіріле бастады.

Себебі сүзгіден өткен сарқынды суда биологиялық өңдеуден соң бір жасушалы балдырлар өсіп шыққан. Ал өсімдіктің хлорелла тұқымы балықтардың тіршілік етуіне қолайлы.

Тазарту кешенінен транзиттік режимде 36 миллион текше метр су шығарылады. Техникалық су Бөржар қоймасы арқылы егістік маусымында шаруашылықтарға беріледі. Енді оның тазалығы балықтар арқылы реттеліп, табиғи жолмен тексеріліп тұрады.

Мейіржан Есенбеков, қалалық сарқынды суларды тазалау қондырғылары кешенінің басшысы:

- Су органикаға байып, ряскалар өсуі байқалды. Сол себепті біз былтыр қазан айында 20 мыңнан астам балық тастадық. Күні кеше тағы да 20 мың сазан, карп балықтарын жібердік. Мақсат балық өсіруде емес, ол жердегі балықтар индикатор болады.