Абай облысында Канонер көлінің жағасы тазартылды
Абай облысы Бесқарағай ауданының тұрғындары Канонер көлінің жағасын қоқыстан тазартты.
Экологиялық шараға қатысқан 60-қа жуық адам бір шақырымдай жер жүріп өтті. Олар көл маңынан екі тоннадай қоқыс шығарды. «Таза бейсенбі» акциясы ауданға қарасты 10 ауылдық округте өтті.
Нұрсұлтан Қажымұқан, Канонер ауылының тұрғыны:
- Ауыл жастары өте белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда бір гектардан артық жерде қоқыс жиналуда. Осы бастама негізі біздің ауылымызда апта сайын жүргізілуде. Негізі ауылымыздың тұрғындары жастары белсенді қатысып осы акцияны қолдауда.