Павлодарда экологияға зиян келтірген кәсіпорын ₸106 млн айыппұл төледі

Павлодарда қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорыннан 106 млн теңге айыппұл өндірілді деп хабарлайды 24kz.

Облыстық прокуратура жергілікті KSP Steel кәсіпорнының рұқсаты жоқ заңды тұлғаға 8500 тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды бергенін анықтады. Бұл әрекет экологиялық заңнаманың талаптарына қайшы келеді.