«Таза Қазақстан» Telegram чат-боты іске қосылды

Шашылған қоқыс пен қоршаған ортаны ластайтын түрлі проблеманы шешу. Енді кез келген еліміздің жанашыр азаматы осы мәселелерді құзырлы органдарға арнайы телеграм чат боты арқылы жолдай алады деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында еліміздің экология министрлігі TazaQazBot атты арнайы телеграм чатын іске қосты. Бұнда тұрғындар 14 түрлі санат бойынша өздерінің кез келген мәселелерін құзырлы органдарға жолдай алады.

«Таза Қазақстан» республикалық ауқымды акциясы аясында экология министрлігі азаматтарға қолайлы болуы үшін TazaQazBot атты арнайы Telegram чатын іске қосты. Бұнда отандастарымыз түрлі проблемаларды көрсетіп, құзырлы органдарға өз өтінімдерін жолдай алады. Мәселені сипаттап, фотосуретін жүктеп, орналасқан мекенжайын картадан көрсету мүмкіндігі де қарастырылған.

Ерболат Қожықов, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Бұл чат-бот 5 шілдеде қосылды. Қазіргі таңда 593 өтінім түсіп, оның 142-сі орындалды. Қалғаны орындалу барысында.

Бұл жалпы «Таза Қазақстан» сервисі әрбір азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға, белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жалпы бұл сервис 14 санаттағы сұрақтарды қамтиды. Азаматтар жолдардың, саябақтардың, көшелерді жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы хабарлау мүмкіндігіне ие. Ал жолданған арыз-шағым орындалғаннан кейін тұрғындар атқарылған жұмыстың сапасын бағалай алады.

Жанар Бескемпірова, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

- Күніне бір 20 сұрақ, 20 өтінім келеді деп айтсам болады.  Әр басқармада, әкімшіліктерде осыған жауапты адамдар жұмылдырылып, белгіленіп, бәріне логин мен парольдары берілді. Бүкіл сұрақтар «Айкөмек» жүйесіне келіп түседі. Сол жердегі операторлар келген сұрақтарды бөліп-бөліп басқармаларға, аудан әкімшіліктеріне таратып береді.

Бұл сервисте көрсетілген әр мәселені шешуге арналған тиісті уақыт белгіленеді. Мәселен, шашылған қоқысты жинауға 3 күн, ал қақпағы ашық жатқан құдықты жабуға 1 тәулік уақыт беріледі. Жол мәселелері болса 14 күннің ішінде қаралады екен. Жалпы «Таза Қазақстан» сервисі – әрбір азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі бастама.

Авторлары: Риат Шони, Мадияр Қындыбаев және Абдулхамит Бөлекбаев