Жетісудың Қаратал ауданында экоакция өтті

Жетісу облысының Үштөбе қаласында «Таза бейсенбі» акциясы аясында темір жол бойы тазартылды.

Осылайша жергілікті тұрғындар, туристер мен жолаушылар ағылып жататын аймақты ретке келтірді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекеме мен қоғамдық кеңес мүшелері, қала шетінен бастап Тұрар Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты, тұрмыстық қалдықтардан арылтты. Тазалық шарасы аудан орталығымен қатар, ауылдарда да ұйымдастырылды. Қаратал аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы Ерназ Нұр-мұхановтың мәліметінше, акцияға 500-ден аса адам жұмылдырылып, 2,5 тоннадан аса қоқыс шығырылған.

Ерназ Нұрмұханов, Қаратал аудандық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы:

- Жыл басынан бері барлығы 16 сенбілік өтілді. Жалпы 16 мыңнан астам халық белсенді атсалысып, 530 тоннадан астам қоқыс шығарды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясында әрбір ауылдық округтер сырлау әктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.