Бір жылда 2 млрд түп ағаш егіледі

Орман-тоғайлар Қазақстан жерінің тек 5 пайызын ғана алып жатыр.

Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев, биылғы жолдауда жауаптыларға жасыл желекті көбейтуді тапсырды. Бұған дейінде, бірнеше мәрте ескерткен еді.

Сала жетекшілері 2025 жылға дейін бас-аяғы 2 млрд түп тал егуге міндеттелген болатын. Президент пәрменін орындау үшін кейінгі үш жылда 839,5 млн ағаш отырғызылды. Ал биылғы көктемде 131,3 млн көшет егілді. Дегенмен, межелі міндетке жету үшін ведомства өкілдері тағы екі жыл мұрсат сұрап отыр. Яғни, 2027 жылы президент тапсырмасын толық орындаймыз - дейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет.   Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.