Жетісу облысындағы елді мекендерден 7400 тонна қоқыс шығарылды

Биыл Жетісу облысындағы елді мекендерден 7400 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды 24kz.

2500 шақырымнан асатын арықтар тазартылды. Ауқымды жұмыс «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылды. Тазалық шараларын тұрақты түрде ұйымдастыру үшін мекемелерде арнайы кесте жасалды. Соған сәйкес, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарында жиі сенбілік өтті. Көпшілік өздеріне бекітілген аумақты ретке келтірді. Мысалы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғындары жалпұлттық экологиялық акция аясында егілген ағаштарды күтіп-баптаумен айналысуда.

Қуаныш Ерланұлы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары:

-Ескелді ауданы бойынша экологиялық акцияға 18 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 94 арнайы техника қатыстырылған. Бүгінгі күнге дейін шамамен 960 тонна қоқыс шығарылды.