Сарапшы: Атом энергетикасы атмосфераны ластамайды

Алматыдағы Ғұмарбек Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университеті келер жылдан бастап Ядролық физика институтымен бірігіп кадр дайындайды, деп хабарлайды 24KZ.

Ғалымдардың айтуынша, атом электр стансысын салу елдегі экономиканы дамытып, әлеуметтік жағдайды жақсартады. Энергетика саласын әртараптандырып, экспорттық әлеуетті кеңейтеді. Сонымен қатар инвестицияның көкжиегі кеңейеді. Ең бастысы, атом энергетикасы атмосфераны ластамайды. «Парниктік газдар шығармайды», – дейді ғалымдар. 

Андрей Кибарин, техника ғылымдарының кандидаты:

- 1960 жылдан бері біздің жоғары оқу орны энергетика саласына 10 мыңнан астам маман даярлайды. Әрине, атом энергеткасының өзіндік ерекшелігі мен талаптары бар. Атом электр стансысы мұнай мен газға деген тәуелділікті азайтады. Қазір оны салу мен қолданудың нақты тиімді тұстарын қарастырған жөн.