Елордада «Таза Қазақстан» акциясы әр бейсенбіде өтеді
«Таза Қазақстан» акциясы әр бейсенбі сайын жалғасып жатыр.
Бүгін «Отан қорғаушылар» алаңы қоқыстан тазартылды. Жалпы саны 100-ге жуық әр саланың маманы саябақты тазалауға қатысты. Акция басталғалы елордалық еріктілер мен қала тұрғындары, партия мүшелері барлығы 10 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Бұл 7 айдың көрсеткіші. Ұйымдастырушылардың айтуынша Астана қаласының өзінен 200 тоннадай қоқыс шығарылған. Бұл үрдіс апта сайын жалғаса береді.
Ақнәзима Анарбайқызы, ерікті:
- Біз бастамасақ кім бастайды. Біз әрқашанда еліміздің, жеріміздің қамқоршысы, қорғаушысы болуымыз керек. Барлық жастарға айтарым осы. Үйде жатқанша, ұйықтағанша бәріміз осылай атсалысайық деп айтқым келеді.
Мұхаммед Болысбек "Аманат" партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
- Қазіргі таңда осы акцияға 100-ге жуық белсенді азамат-азаматшалар келіп отыр. Соның ішінде жастар басым көпшілігі. Осы тазалыққа ат салысып жатыр. Бүкіл өңірде барлық қалалық, аудандық, облыстық деңгейде әр бейсенбі сайын осы экоакция өзінің тұрақты түрде жұмысын жалғастырып келеді.