Оралда волонтерлер көп қабатты үйлердің ауласын тазартты

Оралда ерікті жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында көп қабатты тұрғын үй аулаларын тазалады.

Бұл жолы волотерлар шаһардағы «Жұлдыз» шағын ауданының аумағын ретке келтірді. Тұрғын үй аулалары тұрмыстық қалдықтарға толып қалған. Бір сағаттың ішінде ерікті жастар жүз қаптан астам қоқыс шығарды. Бір ерекшелігі, осы жолғы сенбілік арнайы жарыс түрінде өтті. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыстады. Бірақ, ең бастысы жүлде емес, бірлік пен тазалық, дейді волонтер Жанаргүл Мәуленова. Айталық, аймақта экология акция басталғалы игі шараға 138 мың адам қатысып, 50 мың тонна қоқыс шығарылды.

Жанаргүл Мауленова, волонтёр:

- Менің ойымша осындай акциялар жиі өткізіліп тұруы қажет деп ойлаймын. Әрине қоршаған ортаның тазалығы басты қадамдарымыз өзімізден басталады. Сондықтан мемлекет болып, ел болып, еріктілер болып барлығымыз қаламыздың тазалығына кішкене болсында үлесімізді қосуымыз керекпіз.