Шымкентте «Таза бейсенбі» экоакциясына жүздеген адам қатысты
Шымкентте кезекті рет өткізілген «Таза бейсенбі» экоакциясына жүздеген адам қатысты.
Олар «Асар» шағын ауданы аумағын қоқыстан тазартып, қураған шөптерді жинады. Сонымен қатар жол бойындағы арық-атыздарды аршып, аяқжолдарды сыпырды. Нәтижесінде төңіректен барлығы 5 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Экологиялық науқанға ,,Аманат,, партиясының мүшелерінен бөлек Жастар қанаты, студенттер мен тұрғындар да қатысты. Жалпы маусым айынан бері «Таза бейсенбі» акциясы 23 рет өткізіліп, 30 тоннадан астам қоқыс жиналған. Аманаттықтар игі іс-шара жыл соңына дейін жалғасатынын айтады.
Ербол Байқоныс, "Amanat" партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
- Бүгінгі күнге дейін 3,5 мыңға жуық адам қатысты 23 рет өткізілді деп жатырмыз ғой. Бізде әр бейсенбі сайын өзінің белсенділігін арттырып жатқан азаматтар да келіп, тазартуға жұмыс істеп жатыр. Өйткені бұл біздің Шымкент қаламыз ғой. Тұрғындар бей-жай қарап жатқан жоқ.