Қарағандыда еріктілер ойын алаңдарын тазалады
Қарағандыда «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Еркітілер коммуналдық қызмет жұмысшыларына көмектесу үшін тұрғын үй аулалары мен ойын алаңдарын қардан тазартты. «AMANAT» партиясының бастамасымен өткен шараға 300-ге тарта партия мүшелері атсалысты.
Апта сайын үздіксіз өтетін акцияларға өңірге қарасты барлық аудан, қалалардағы белсенділер атсалысып жатыр. Олар жалғызілікті аналар мен мүгедектігі бар тұрғындардың, қарттар мен ардагерлердің аулаларын тазалап, үйін жинасуға көмектеседі.
Аян Шәкен, «AMANAT» партиясының мүшесі:
- «AMANAT» партиясы бүгін қала аулаларының біріндегі футбол алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы Президентіміз айтып кеткендей, бұл бір адамның, бір партияның немесе бір ұйымның жасайтын жұмысы емес. Барша қазақ халқы істейтін, тұрғындар ауласын немесе үйінің жанын тазалайтын жоба болып табылады.