Текеліде «Таза бейсенбі» акциясы өтті
Жетісу облысындағы Текелі қаласында да «Таза бейсенбі» акциясы өткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Партия өкілдері ұйытқы болған мұндай сенбілік кенді шаһарда тұрақты түрде ұйымдастырылады. Себебі 1200 метр биіктікте орналасқан әрі 33 шақырымға созылған елдегі ең ұзын көшесі бар елді мекенге арнайы барып, тау бөктерінде тынығатындар көп. Жиналған жұртшылық туристер жиі келетін орындарды ретке келтірді. Әсіресе, Текелі, Шажа, Қора өзендері қосылып Қаратал бастау алатын аумақты тазалады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында моноқаладан 565 тонна қоқыс шығарылып, 31 шақырым арық тазартылды.
Арман Қожабек, Текелі қалалық мәслихатының депутаты:
- Мына көшені тазартып жатқан халыққа қарап, басқа өтіп жатқан халық та ұялады ғой қоқыс тастауға. Шыны керек. Мәдениетіміз, санамыз бәрі өзгереді. Керек осындай акциялар.