ШҚО-да экологиялық департамент техникалық тұрғыдан қайта жабдықталады

Шығыс Қазақстан облысында өңірлік экологиялық бағдарламалар қайта қаралады.

Жергілікті билік атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша жүріп жатқан жұмыстар тиімсіз дейді.

Сондықтан өндірістік кәсіпорындармен жасалған меморандум шарттары қатаңдатылады. Ауаға тарайтын зиянды заттарды бақылауды күшейту үшін облыстық экология департаменті қайта жабдықталады. Ал негізгі экожобаларды экологиялық қорғау бюросы қадағалайтын болады.

Өскеменде бірнеше аптадан бері желсіз, тынық ауа райы сақталып тұр. Алып кәсіпорындардан шыққан түтін таралмай, қолайсыз жағдай туындап отыр. Сондықтан қоғам белсенділері экология мәселесін қайта көтерді. Облыс басшылығының бастауымен экологиялық қорғау бюросы құрылды. Оның құрамында табиғат жанашырлары мен қатар салалық басқармалардың қызметкерлері бар. Бюро мүшелері қазір облыстық экология департаментінің құрал-жабдықтарына ревизия жүргізіп жатыр. Өндірістік шығарындыларды бақылауды жақсарту үшін қандай құрылғыларды сатып алу керектігін талқылауда. Себебі облыстық экология департаментінің зертханасы әлі күнге кеңестік кезеңде жасалған құралдарды қолданады. 

Азамат Тәуірбеков, ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Экология департаментінің сынақ зертханасын жаңа заманауи өлшеу аспаптарымен қамту қажет етеді. Және де экология департаменті ғимаратын капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізу бірінші кезект қажет ететін мәселе. Және де департаменттің автопаркі де ескірген. Соны да жаңартса нұр үстіне нұр болады.

Ведомство өкілдері 180 миллион теңгеге бюджеттік өтінім дайындаған. Қазіргі стандартқа сай келетін жабдықтар алу үшін бұл қаржы әрине жеткіліксіз. Ал ластаушы компаниялардан бірнеше миллиард теңге эмиссия түседі. Ресми мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шамамен 3,5 млрд теңге экологиялық айыппұл төлейді екен. Жергілікті билік сол қаржыны тиімді пайдалану қажет дейді.

- Самое главное мы поочередно обзваниваем предприятия города....

Ал бұл қолайсыз жағдайлар туралы ескерту жүйесін тексеру. Мұндай жағдайда "Қазгидрометтің" кезекшілері өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік қызметтерге қауіп туралы хабарлайды. Ескертуден кейін зауыт жұмысшылары өндірістік шығарындыларды азайтуға міндетті. Эко-бекеттердің тиімді жұмыс істеуі үшін мамандар олардың санын көбейтуді ұсынады. Дабыл құрылғылары қаланың орталығымен қатар өндірістік аймақтарға да орнатылуы тиіс.

Кәмшат Ахмадиева, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының зертхана меңгерушісі

- Автоматты станциялар барлық талаптарға сай нормативті құжаттармен де сәйкесінше саны жеткілікті Өскемен қаласы бойынша. Және елді мекендерге де орналастырылған. Сонымен қатар санитарлық зоналарға да орналастырса жақсы болар еді.

Ауа сапасын жақсарту жобасы бірнеше жылға созылуы мүмкін. Экологиялық қорғау  бюросының сарапшылары саладағы қордаланған мәселелерді шешуге депутаттар, тіпті Үкімет аралауы қажет дейді. Себебі  атмосфераға тарайтын зиянды заттардың нормативтері  ескірген және ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативтеріне сәйкес келмейді.

Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин