«Таза Қазақстан»: Тобыл қаласында Балабақша ауласы қардан тазартылды
Қостанай облысының Тобыл қаласында қаңтар айынан «Қарды бірге тазартайық» челленджі басталды, деп хабарлайды 24kz.
«Таза Қазақстана» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жарияланған бұл іс-шараға алғашқы болып, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер үн қосты. Олар аудан орталығындағы балабақшаның ауласын, ойын алаңдарын қардан тазартты. Бірқатар еріктілер қарт кісілердің үйлеріне барып көмектесті. Жастар ресурстар орталығы мұрындық болған бұл челлендж қыс аяғына дейін жалғасады.
Валентина Орлова, Қостанай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
- Былтыр аудан аумағындағы 80 заңсыз қоқыс алаңы жойылды. Экологиялық іс-шараларға 100 жуық техника тартылып, 10 мыңнан астам адам қатысты. Шамамен 20 мың тонна қоқыс шығарылды. Ауылдық округтардың барлығында ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды.