Ақтөбеде оқушылар арасында экобайқау өтті
Ақтөбеде оқушылар арасында «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» атты байқау өтті.
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жарысқа, жеткіншектер 50-ден астам бұйым дайындаған. Оқушылар әдетте қоқысқа тастайтын пластик пен қағаз, ағаш пен әйнекті өңдеп қайтадан пайдаға жарату әдістерін ұсынды. Қарапайым кәдесыйлардан бастап, үй жиһаздары, ит пен мысық үйшігі сияқты тұрмысқа қажетті заттар да бар. Бастысы, тұрмыстық қалдықтан жасалған бұйымдар экологиялық таза болуы шарт. Жарысқа 90 оқушы қатысты.
Бейбарыс Ералы, оқушы:
- Біз екі бірдей тұрмыстық қалдықты тиімді әрі оңай түрде пайдалана алдық. Мысалы, айтқанда жұмыртқа лотогы ол тұрмыстық қалдық екені белгілі. Оны біз лақтырудың орнына тиімді түрде қолдана аламыз. Бұл бізде көксабақтанып кеткен, ешқандай қолдануға келмейтін осы бір пиязды біз лоток арқылы тағы да екінші рет өсіре аламыз. Көктем мезгілі келгенбе біз оны қайтадан бау-бақшамызға өсіреміз.