IPO: қаржы ұлттық қорға кетеді |Іскер News| 23.11.22.

«ҚазМұнайГаздың» IPO-сынан түскен қаражатты Ұлттық қорға бағыттау жоспарлануда. Бұл туралы ұлттық компания басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев мәлімдеді. Ол «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының акциялары IPO-ға шығатынын, сондықтан оларды сатудан түскен ақшаны қордың өзі алатынын түсіндірді.

Тағы бір айта кетерлігі IPO аясында жалған сайттар мен қосымшалар арқылы жұмыс істейтін алаяқтар көбейген. Сондықтан компания өкілдері тек  ресми сайттан ақпарат алуға шақырады.

IPO: Қаржы ұлттық қорға кетеді

«Қазмұнай газдың» IPO-сы қарқын алып келеді. Брокерлер қазір белсенді. Көбі IPO-ға қатысу үшін қалыпты комиссияларын азайтты, ал кейбірі тіпті оларды толығымен алып тастады. Осылайша, күні кеше Halyk Finance «ҚазМұнайГаздың» IPO аясындағы транзакциялар үшін нөлдік комиссиялар белгіледі. Онлайн немесе қағаз жүзінде өтініш берген жеке және заңды тұлғалар мен клиенттер үшін комиссия 0 теңге . Halyk Finance болжамы бойынша «ҚазМұнайГаздың»  акцияларының мақсатты бағасы 11 мың 58 теңге. Орналастыру құны 8 406 теңге. Бұл 32%-ке өсімді білдіреді.

Еске салайық, басқа нарық қатысушылары да «ҚазМұнайГаз»  акцияларының әлеуетін оң бағалап отыр. Олар өсім 25%-тен 52%-ке дейін деген болжам жасады. Бұл IPO сандық технологияларды белсенді пайдаланумен ерекшеленді. Сондай-ақ, тарихта бірінші рет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары да IPO-ға қолданылды» деп хабарлайды FINANCEkaz.

Ернар Жанәділ, «Самұрқ-Қазына» қорының даму және жекешелендіру бойынша басқарушы директоры

- Бұл ІРО-ның алдыңғы болған ІРО-лардан айырмашылығы, әрине ол жаңа технологиялар. Мысалға біздің әрбір брокерлік пен диллерлік компанияларымыздың мобильді қосымшалары бар және де халық біздің сол мобильді қосымшаларды қолданса, олардың әрине өмірі әлдеқайда жеңілдейді. Офистарға барып кезекте ұрудың қажеті жоқ. Үйде отырып керек соманы брокерлік шотқа жіберіп, сол шоттан әрі қарай акцияға жіберсе де болады.

IPO-ға қызығушылық жоғары

AIX биржасында қазақстандықтардың бұл IPO-ға жоғары қызығушылық танытып отырғаны айтылды. Қатысушылардың қарасы көп. Нақты саны өтініш қабылдау жабылғаннан кейін жарияланады.

Еске салайық, 18 жасқа толған кез келген қазақстан азаматы 2 желтоқсанға дейін бұл науқанға қатыса алады. Жалпы «Самұрық-Қазына» бұрын да ірі компанияларын ІРО-ға шығарған. Мысалы, 2018 жылы ІРО-ға шығарған «Қазатомпром» акциялары 230% дейін өсті.

 Ұн экспорттаушылардың шығыны өтелді

Ұн экспорттаушыларға 1,5 млрд теңгенің шығындары өтелді. Бұл биылға жоспарланған экспорттық шығындардың шамамен 40%-н құрайды. Жалпы «QazTrade» акционерлік қоғамы экспорттаушылардан 4 млрд теңгеге 264 өтінімді мақұлдады. Соның ішінде 162 шағын және орта бизнес кәсіпорындарына дайын өнімнің экспортына жұмсалған шығындар өтелді. Өтінімдердің көбі тауар тасымалына қатысты делінген хабарламада. 

Әсіресе, АӨК және тамақ өнеркәсібі саласынан көп өтінім түскен. Бұдан басқа, минералды өнімдерді, электр жабдықтарын экспорттаушы компанияларға, сондай-ақ металлургия өндірісі, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, химия өнеркәсібі өнімдерін жеткізу саласындағы компаниялардардың өтініші қабылданыпты.

Қандай экспорттық шығындар өтеледі?

Заң бойынша қазақстандық кәсіпорындар шикізаттық емес тауарларды экспорттауға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге құқылы. Бұған экспорттаушылардың өнімді, филиалдарды, сауда алаңдарын, қойма мен сауда сөрелерін шетелде ұстауға, біздің елден тыс жерлерде тауар белгілерін тіркеуге, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін шетелдік сертификаттау мен аккредиттеуден өтуге, тауарларды жеткізуге және тасымалдауға жұмсаған шығындары кіреді.

Министр: Қант тапшылығы болмайды

Қазақстанда енді қант тапшылығы болмайды. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деді. «Биыл өзімізді қантпен 100% қамтамасыз етеміз. Иә, бұл құрақ қант болады, себебі қызылша әлі жеткіліксіз. Бірақ бұл біздің өнім. Енді қант тапшылығы болмайды. Зауыт бағасы келісіне 450 теңгеден аспайды. Біз зауыттармен келістік», – деді ол. Ал статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаңтар-қыркүйек айларында елімізде қант өндірісі 57,5%, ал импорт 42,5% құраған.