Ә. Смайылов CITIC Construction компаниясының бірінші вице-президентімен кездесті
Премьер-Министр Әлихан Смайылов CITIC Construction компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесті.
Жиында «Талдықорған – Өскемен», «Қарағанды – Балқаш» тас жолдарын күрделі жөндеу мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, инвестор-компанияның ел аумағында басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.